• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:14:49
+35°

Фото: Көрнекі сурет

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның тәуліктік статистикасын жариялады.

Соңғы тәулікте 788 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 746 адам емделіп шыққан. 7 адам қайтыс болған. 159 адамнан пневмония анықталды, 158 адам емделіп шықты. 

Қазіргі таңда 25 316 адам короновирус инфекциясынан (13 393 Covid-19 және 11 923 пневмония) емделуде, олардың ішінде 4 238 пациент стационарда, 21 078 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында:
• 239 адамның жағдайы ауыр;
• 39 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап 17 желтоқсанға дейін 144 523 адам Covid-19-бен ауырған, оның ішінде 2166 адам қайтыс болған.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 17 желтоқсанға дейін 44 314 адам пневмония жұқтырған, соның ішінде 466 адам өлген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір