Қармақшыда 12 жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық және аудандық мәслихаттарына үміктерлер Қармақшы ауданында "Эльдарадо" сауда үйінде өткен экспромт-кездесуде айтты.

Сауда жасап жүрген тұтынушыларға «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлжайна Сайлауова, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлжаухар Раева Дастан Буханов Нұржан Раймовтар үгіт жүргіді.«Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды мақсат етіп отыр. Парияның мақсаты ауыл тұрғындарының табысын көбейту. 

Қармақшы ауданының артықшылықтарын халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту, өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Партия мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен  шағын және орта бизнес салаларында 12 жобаны жүзеге асырады. Олар ІІІ Интернационал, Жаңажол, Дауылкөл, Иіркөл ауылдық округтерінде 4 жем шығару цехы, Жосалы кентіндегі пластикалық терезе цехы.

Сонымен қатар Жосалы кентіндегі жиһаз жасау шеберханасы, Жаңажол ауылындағы сүт өндірісі, III-Интернационал ауылындағы жылыжай қондырғысын қайта құру және пайдалануға беру, ІІІ Интернационал ауылындағы шұжық цехы және Жосалы кентіндегі темір бұйымдар цехы.  Сонымен бірге Тұрмағамбет ауылында ет өнімдерін консервілеу цехын салу да жоспарда қамтылып отыр, - деді үміткер  Гүлжайна Сайлауова.

"Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде несиелер және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға гранттар ұсынбақ. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл сайын кемінде 250-ге жуық азаматтарға 150 стартап гранттар мен 100 несие алуына жағдай жасауды мақсат етіп отыр. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын кемінде 3 жаңа жобаларды несиелендіруге ықпал етеді"- деді келесі үміткер Дастар Буханов.

Үміткерлер бұл жобалар жүзеге асуы үшін тұтынушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Ілмек сөздер: қармақшы 12 жоба

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір