• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:21:27
Алматы
+35°

Германия Covid-19 инфекциясының күрт өсуін тоқтату үшін мектептер мен маңызды емес кәсіпорындарды жауып, қатаң локдаунға кірісті.

Іс-шаралар 10 қаңтарға дейін қолданылады. Рождество кезінде сәл жеңілдейді, бір үйге төрт жақын отбасы мүшелерін қабылдауға рұқсат беріледі.

Елде сәрсенбі күні тағы 952 өлім мен 27 728 жағдай тіркелгені туралы хабарланды.

Еуропаның басқа елдері Рождество қарсаңында шектеулерді күшейтті, Францияда түнгі коменданттық сағат енгізілді.

Германияның жаңа шаралары бойынша супермаркеттер мен банктер сияқты маңызды бизнестерге ғана ашық қалуға рұқсат етіледі. Қараша айынан бастап мейрамханалар, барлар мен демалыс орталықтары жабылған.

Шаштараздар да керек кәсіп нысаны қатарына жатады. Сондай-ақ қоғамдық орындарда алкоголь ішуге тыйым салынып, компанияларды қызметкерлері үйден жұмыс істеуіне рұқсат беруге шақырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Германия локдаун

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір