• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:22:19
Алматы
+35°

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімді шаралары қабылдануда.

Биыл 1 желтоқсанан үй кезегінде тұрғандарға "Қарғалы" тұрғын үй алабынан №19 және №35 үйлерден кезең-кезеңмен баспана беріле бастады. Пәтерді 2006 жылдан бері өз кезегін күтіп жүрген Ақтөбе қаласының тұрғындары алды. qamshy.kz

Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Оңдасын Оразалин 30 отбасыға баспана кілтін табыстады. Жаңа қоныс иелерінің қатарында ҰОС қатысушысына теңестірілген тұлғалар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұялар, 1, 2 топ мүгедектері, жетім балалар бар. Олар Нұр Ақтөбе шағын ауданындағы тоғыз қабатты үйден бір, екі, үш бөлмелі пәтерге ие болды. qamshy.kz

"Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында ел экономикасы қарқынды дамып, халықтың тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі саясаты қарқынды іске асырылуда. Облыс орталығының өзінде 24 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр, олардың баспаналы болуы үшін көп қабатты үйлерді салу жұмыстары белсенді жүргізілуде",- деді Оңдасын Оразалин.

Жаңадан тапсырылған үйде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайлы кіріп-шығуына жағдай жасалған. Мәселен, кіре беріс жерге электронды көтергіштер орнатылған. qamshy.kz

Кәсіпкер, "Пандус Ок" ЖШС басшысы Шахан Жолдасбаев көтергіштердің қалай жұмыс жасайтындығымен таныстырды. 

Айта кетейік, биыл кезекте тұрған 782 адамға жалдамалы-коммуналдық пәтерлер ұсыну жоспарланып отыр. Олардың ішінде 252 отбасы жаңа қоныс тойын тойлады.

"Бақытты отбасы"-"2-10-20" бағдарламасы аясында 3 млрд теңгеге 302 өтініш мақұлданды. «Шаңырақ» - «5-10-20» бағдарламасы аясында 278 отбасыға жалпы сомасы 2,38 млрд теңгеге несие берілді. 

Ағымдағы жылдың 17 тамызынан бері "Шаңырақ" пилоттық бағдарламасы жұмыс жасайды. Осы бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап 1,4 млрд теңгеге 148 қарыз берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір