• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:19:51
Алматы
+35°

Алматы тауларынан табылған ер адам Ерман Байменов қайтыс болды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар Ерман Байменовты таудан тауып, жедел жәрдемге табыстағанша бес сағат уақыт кеткен. Зардап шеккен адамның жағдайы табылған кезде өте ауыр болған.

– Сағат 20:45-те республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды Күмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған жедел медициналық көмек бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын анықтады, – деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Фото: ana_stellar парақшасынан алынды

Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 12 желтоқсан күні Титов көлінің маңында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлады. Екі тәулік іздеуден кейін 14 желтоқсанда сағат 15:50-де ер адам Құмбелсу өзенінің шатқалынан табылды. Табылған уақытта ер адамның жағдайы өте ауыр болған. Тәуліктің қараңғы мезігілі мен тау беткейінің қауіпті тік болуына байланысты оны тасымалдау жұмысы қиындаған. Ер адамды құтқару операциясына республикалық жедел-құтқару жасағының 26 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары бірнеше сағатқа созылған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір