• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 20:08:34
Алматы
+35°

Фото: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы қоғамдық штабының баспасөз қызметі

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сарыағаш қаласында орналасқан «Арзан Маркет» сауда үйінің ұжымымен кездесті.

Фото: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы қоғамдық штабының баспасөз қызметі

Кездесуге қатысқан үміткерлер М.Асилов, Ж.Баянов, Р.Дүйсенов, М.Мамбетовтер «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасымен сауда үйінің ұжымы және тұтынушыларына таныстырды.

Мәслихат депутаттығына үміткер М.Асилов, бағдарламасы негізгі төрт басымдықпен 1. Әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру; 2. Саламатты зияткер ұлт қалыптастыру; 3. Экономика мен өңірлердің орнықты дамуы; 4. Есеп беретін, «халық үніне құлақ асатын» мемлекет және жауапты азаматтартар санын арттыру; атты жаңа міндеттер жүктеп отырғанын айтты.

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ш.Беделова «Партияның алдағы сайлауға таңдаған үміткерлері жанжақты сараланғандығы көрініп тұр. Белсенді жастар, көп балалы, әйел азаматтардан және беделді тұлғалардан құрғалған партиялық тізім, біз ауданның дамуы мен гүлденуі үшін барлық мүмкіндіктерін салып, қызмет атқаруға сеніміміз мол» деді.

Фото: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы қоғамдық штабының баспасөз қызметі

Р.Дүйсенов «барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасып, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа міндеттерді бірге жеңіп шығатынымызға сенімдіміз. «Nur Otan» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады. Біздің міндетіміз – Сарыағаш ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау. Біз ауданның әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құрамыз» деп партияның бағыттарын жан-жақты түсіндіріп, алдағы сайлауда бірауыздан партияға сенім білдіріп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.


«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы қоғамдық штабының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Сайлау қорының қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір