• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:15:02
Алматы
+35°

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету басқармасы Pfizer-BioNTech коронавирус вакцинасын қолдануға рұқсат берді.

Агенттік мұны пандемияға қарсы "маңызды оқиға" деп мәлімдеді.

Коронавирустан 95%-ға дейін қорғайды делінген вакцинаны америкалық басқарма қауіпсіз әрі тиімді деп тапты.

АҚШ президенті Дональд Трамп алғашқы вакцинация "24 сағатқа жетпейтін уақытта" жасалатынын айтты.

– Бүгін біздің ұлттық медицина ғажайыпқа қол жеткізді. Біз тек тоғыз айда қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасадық, – деді Трамп

Pfizer вакцинасы қазірдің өзінде Ұлыбританияда, Канадада, Бахрейнде және Сауд Арабиясында заңды түрде мақұлданған. Осы елдер сияқты, АҚШ егде жастағы тұрғындарға, медициналық қызметкерлер мен ерекше жағдайлар бригадасына вакцинаның алғашқы дозаларын береді.

АҚШ-та қараша айынан бастап коронавирус бойынша өлім күрт өсуде. Сәрсенбіде елде 3000-нан астам өлім тіркелді. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ вакцина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір