• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:11:51
Алматы
+35°

Фото: "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі

10 желтоқсан күні сағат 18:00-де елдегі сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Партиялар Сайлауалды бағдарламалары негізінде түрлі акциялар мен іс-шарлар өткізу жұмыстарына көшті. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы да науқанға сақадай сай дайындықпен келгенін мәлімдеп, үгіт-насихат кезеңінің іс-шараларын бастап кетті.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, биылғы үгіт-насихат жұмыстары «жанды» форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда. Кандидаттарға 20/80 формуласын ұстану тапсырылғандықтан биыл партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80% басымдылық берілетін болады.

Осы мақсатта Шымкенттегі үгіт-насихат кезеңі «Есіктен есікке» акциясымен алғашқы күннің шымылдығын түрді. Акция аясында қалалық мәслихат дептутаттығына үмітерлер мен еріктілер тобы тұрғындарды үйме-үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі «Есіктен есікке» акциясы Қаратау ауданына қарасты «Нұрсат» шағын ауданында өтті. Шараға қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Арман Орынбеков пен «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері қатысты. Халық нұротандықтарды жылы лебізімен қабылдап, шағын аудан бойынша түйткілді мәселелерімен бөлісті. Тыңдалған талап-тілектер негізінде арнайы тізім жасақталды. Тұрғындардың басым бөлігі жылу, қоқыс, жарықтандыру, аула тазалығы мен спорт алаңдарын салу мәселесі бойынша шағымданған.

Айта кетейік, Сайлау науқанында қала бойынша 679 іс-шара өткізу жоспарда. Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша «Nur otan» партиясы атынан сайлауға түсетін үміткерлердің бағдарламаларын насихатауға «Жас отандықтардан» 500-ге жуық жастар атсалысады деп күтілеуде.

Материал "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық

филиалы баспасөз қызметі

"Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір