• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:42:26
Алматы
+35°

Қазақстан қоршаған ортаны жақсарту жолында нақты бағыт ұстанады. Бұған біздің еліміздің халықаралық экологиялық келісімдерге қатысуы, заманауи экотрендтерді ұстануы және қоршаған ортаны ластайтын ірі кәсіпорындарға қойылатын талаптарды күшейтетін жаңа экологиялық кодексті әзірлеуі дәлел бола алады. Мұның бәрі қуантпай қоймайды, алайда экологиялық міндеттемелер экономикаға кері әсер етуі мүмкін деген де пікір бар. Қазақстан «жасыл» экономика жолында қызықты трансформацияны бастан өткеруде.

Коронавирустық пандемия адамзатқа үлкен сабақ берді. Ол әр түрлі салалардың табиғатты қалай ластайтынын анық көрсетті: карантинде жұмыс тоқтатып еді, қалалардағы ауа айтарлықтай тазарды. Бұл болашақтың қоршаған әлемді сақтауға мүмкіндік беретін «жасыл» технологияларға тиесілі екенін тағы бір рет көрсетеді.

Дегенмен, жасыл технологиялар әлі де өте қымбат. Қуантарлығы – мемлекет осы саладағы ізашарларға айтарлықтай қолдау көрсетеді. Қазақстанда бұл маңызды миссияны «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес компаниялары арқылы атқарады.

Күн мен желдің энергиясы

Қазақстанда «жасыл» энергияны дамытуға тамаша жағдайлар жасалған – күн мен жел жеткілікті. Алғашқы жобалар қазірдің өзінде сәтті жұмыс істеп жатыр.

Сонымен, 2020 жылдың қаңтарында Қарағанды облысында қуаты 10 МВт болатын Кеңгір күн электр станциясы іске қосылды. «Kaz Green Energy» ЖШС жоба менеджері Ертай Әлжанов:

– Нысанның құрылысында ең жоғары қазақстандық құрам ескерілгенін айта кету керек. Толығымен қазақстандық өндірістегі көтергіш металл құрылымдары қолданылды, қазақстандық кабельдік және күшейту трансформаторлары қолданылды. Барлық жұмыстар, соның ішінде жобалау жұмыстары тек қана қазақстандық мамандармен орындалды. Жобаны қаржыландыруға «Бәйтерек» ұлттық холдингі арқылы «BVF» АҚ қолдау көрсетті. Жоба атмосфераға CO2 шығарындыларын жылына 12,2 мың тонна көлемінде азайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті

Бір қызығы, күн станциясы аймақтағы мәдени-ағартушылық орынға айналды. ФЭС жанында естелік суретке түсу үшін үйлену кортеждері де келеді.

Ал Ақмола облысында «Астана ЭКСПО-2017» жел электр станциясы сәтті жұмыс істеп тұр – бұл электр энергетикасы саласындағы ең озық технологияларды, соның ішінде облыстың суық климаттық жағдайларына бейімделген жел энергиясын конверсиялауға арналған жаңа әзірлемелер жиынтығын қолданатын бірегей жоба.

Жобаға қаржылық қолдауды «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) және «ҚДБ-Лизинг» АҚ ұсынды. Осы жобаны жүзеге асырып жатқан CATEK Green Energy директорының коммерциялық бөлігі бойынша орынбасары Айдар Жолшоринов:

– Біз қазір өндіріп отырған электр қуаты 5000 үйді қамтамасыз етуге жетеді. Жыл соңына дейін біз 10 мың үйдің деңгейіне жетеміз – бұл тұтас бір шағын қала! Біз кішкентай бала секілді әлі де алғашқы қадамдарды жасаймыз, бірақ менің ойымша, болашақ экологиялық жобаларға тиесілі, енді біз соған дайындалуымыз керек, – дейді

Осы жел электр станциясын салу кезінде 300-ге жуық жұмыс орны, ал станцияға қызмет көрсету үшін 19 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Материалдық үнемдеу

Алайда, «жасыл» технологиялар тек ауқымды жобалар ғана емес. Шағын жергілікті бизнес қазірдің өзінде олардан нақты пайда көруде. Мысалы, Ақмола облысының Зеренді көлінің жағасында орналасқан «Парус» демалыс орталығы. Бұл «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Даму» қорының қолдауының арқасында ескі жазғы лагерді сатып алып, оны заманауи туристік кешенге айналдырған Сұлтановтар отбасының ісі:

– Пандемия кезінде бізге қарсы тұруға «жасыл» технологиялар көмектесті. Біз жылу жүйелерін қатты отыннан газға, ал ыстық сумен жабдықтау жүйесін электр су жылытқыштарынан күн су жылытқыштарына ауыстырғанымыздың арқасында біз коммуналдық қызметтердің құнын екі есеге төмендеттік. Көшелерді жарықтандыру күн батареяларымен жұмыс істейді, олар Қазақстанда жасалған. Ғимараттарда энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Бұл кәдімгідей үнемдеу, – дейді Қайрат Сұлтанов. Жаңалықтардың артықшылығын тек кәсіпкерлер ғана емес, олардың тұтынушылар да сезінеді – Parus-қа жолдамалар екі есе арзанға түсті. Қайрат Сұлтанов жұмысшыларға арналған жатақхана салып, оларды алыс аймақтардан шақырып, оларға жаңа дағдыларды үйретуді жоспарлап отыр. Соның ішінде, озық жабдықтармен жұмысты. Мұндай кадрлар әрқашан сұранысқа ие болады.

Ойлаудың өзгеруі

«Жасыл» технологиялар тек өндіріс мәселесі емес. Олардың пайдасы тек киловаттпен және үнемделген теңгемен есептелмейді. Олар адамдардың ойлау қабілетін өзгертеді, оларды экологиялық тұрғыдан ойлауға, қоршаған әлеммен мұқият болуға үйретеді. Сонымен қатар, осындай кәсіпорындар санының өсуімен бірге ең жаңа жабдықтармен жұмыс істеуге дайындалған жаңа кадрларды тәрбиелеу қажеттілігі туындайды. Бұл туралы «жасыл» технологиялар саласында жұмыс істей бастайтындардың көпшілігі ойланатыны белгілі.

Мәселен, Ақмоладағы жел электр станциясының аумағында мектеп оқушылары үшін ғылыми-зерттеу орталығын құру жоспарланып отыр. Жасқспірім ұрпақпен ақпарат алмасу идеясын өте тиімді болары анық. Қазір кадрларды табу қиын, бизнес жаңа, ал негізгісі техникалық білім де ғана емес, ең бастысы – бизнестің сәттілігіне сену.

«Жасыл» электр станцияларында жұмыс істеу үшін арнайы білімнен басқа, жаңа технологиялардың болашағына деген сенімділік қажет. Болашақта олар жаңартылатын энергия көздерін тұрақты дамыта алатындай етіп, осы сенімді мектеп қабырғасынан бастау керек. Сондықтан мамандандырылған жергілікті білім беру мекемелерімен бірлескен жұмыс орнатудың да өзіндік тиімді тұстары болмақ.

Еркежан Арын

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір