• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:54:11
Алматы
+35°

"Huawei компаниясы Қытайдағы қазақ, ұйғыр сияқты мұсылман азшылықтарды бақылауға қатысты" деген апқараттардан кейін Француз футболшысы Антуан Гризманн Қытай телекоммуникациялық фирмасымен демеушілік келісімшартты тоқтатқанын айтты.

Жақында шыққан есепте "Қытай полициясы үшін мұсылман азшылықтарын анықтауға көмектесетін, бет-әлпетті танитын бағдарламалық жасақтаманы Huawei компаниясы сынақтан өткізді" деген болжам жасалды.

Huawei ВВС-ге бұл ақпараттарды мүлдем жоққа шығарды және Гризманнның шешімі "өкінішті" екенін айтты.

Қытай азшылықтарға қатысты көптеген сын-пікірлерге ұшырауда.

Қытай үкіметі Шыңжаң провинциясында бір миллионнан астам аз ұлттарды "қайта тәрбиелеу лагерлері" деп анықтаған орындарда қамаған деп саналады. Дегенмен, Бейжің әрдайым қатыгез әрекеттерді жоққа шығаруда және лагерьлер терроризмді жоюға және жұмысқа орналасу мүмкіндігін жақсартуға арналған деп айтады.

29 жастағы Гризманн 2017 жылдан бастап Huawei компаниясының бренд елшісі болды және компанияның Франциядағы жарнамасында ерекше орын алды.

АҚШ-тағы IPVM қадағалау-зерттеу фирмасы сейсенбідегі есебінде Қытайда бет-әлпетті тану бағдарламалық жасақтамасын Шыңжаңдағы этникалық азшылықтарды анықтау үшін қолданатын тестілеуге Huawei компаниясының қатысқанын хабарлады.

Осы жылдың басында "Арсенал" мен Германияның экс-ойыншысы Месут Өзил де қазақтар мен ұйғырларды "қуғын-сүргінге қарсы тұрған жауынгерлер" деп атап, Қытайды және айыпталған қатыгездікке үнсіз отырғандарды сынға алды.

Бұл Бейжіңнің шамына тиіп мемлекеттік теледидар "Арсеналдың" артикулін теледидар кестесінен алып тастады. Өзил сонымен бірге Pro Evolution Soccer видео ойынының қытай тіліндегі нұсқасынан алынып тасталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Француз футболшы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір