• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:43:39
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2020 NEWS

Шымкенттік мұғалім Halyk Bank-тен несие рәсімдеп, Алматыдан пәтер ұтып алды

Halyk Bank Алматыдағы "Хан-Тәңірі" тұрғын үй кешеніндегі ұтысқа қойылған 3 пәтердің екіншісін ойнатты.

Фото: Halyk Bank баспасөз қызметі

Halyk Bank пәтерлерін ойнату акциясының екінші кезеңінде тағы бір ұстаз Әлімжан Оразов Алматыдағы "Хан Тәңірі" тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтердің иесі атанды.

Әлімжан Оразов Шымкент қаласындағы №95 орта мектепте оқытушы-психолог болып жұмыс істейді. Үш бала өсіріп, тәрбиелеп отыр. "Алматыда пәтерім болады" деген ой қарапайым ұстазға үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Halyk Bank-тен автонесие рәсімдеген ол енді міне "Ай сайын пәтер ұтыс ойыны" ауқымды акциясы аясында кең әрі жайлы 3 пәтердің біріне ие болып отыр.

Ұстаз акцияға қатысарда өзіне сәттілік серік болады деп мүлде ойламағанын жеткізді. 

– Шымкентте отбасым, жұбайым, үш балам, сүйікті жұмысым бар. Басқа жаққа көшу туралы жоспар мүлде болмаған. Біраз уақыт бұрын Halyk Bank-тің автокредит бойынша қайта қаржыландыру қызметін қолданғанмын. Сол кезде банк менеджерлері автоматты түрде Алматыдағы пәтерлердің ұтыс ойнына қатысатынымды айтты. Шыны керек, банкітің менен бөлек қаншама клиенті болғандықтан бұған онша мән бермедім. Бірақ күтпеген жерден міне, қуанышты хабарды естіп жатырмыз. Қуанғаным сонша жаңалықты жақындарым мен жерлестеріме айтуға асықтым. Шүкір. Әуелі Алланың, одан кейін Halyk Bank-тің арқасында бүгінде көлігім де, Алматыдан пәтерім де бар! Клиенттеріне осындай мүмкіндік сыйлап отырған банкке дән ризамын. Өзге клиенттерді де осындай акциялардан қалыс қалмауға шақырамын. Кім біледі, мүмкін сіз де мен секілді күтпеген жерден пәтеролі болып қаларсыз, – деді шымкенттік ұстаз.

 

 

Бұған дейін қазан айында Алматы облысы Қарасай ауданы Ұлан ауылының мұғалімі Ғалияш Барлыбаева пәтер ұтысының жеңімпазы атанған.

Енді үшінші пәтер өз иесін тосып тұр. "Ай сайын пәтер ұтысы" науқанына қатысу шарттары қарапайым.

Бірінші қадам шарттарына сәйкес, 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін Halyk Bank-тен 50% жеңілдікпен немесе 24 айға дейін артық төлемсіз бөліп төлеуге зат сатып алып, ай сайын Homebank қосымшасындағы кез келген төлемді жасау жеткілікті.

Екінші қадам бойынша аталған мерзімге дейін бөлімшеден 500 000 теңгеден басталатын сомаға кепілсіз несие алу, Homebank қосымшасы арқылы 200 000 теңгеден басталатын сомаға онлайн-несие немесе Нomebank қосымшасы арқылы 200 000 теңгеден басталатын сомаға онлайн-бөліп төлеу рәсімдеу арқылы қатысуға болады.

Науқанға қатысудың тағы бір жолы Homebank-те кез келген төлем жасау. Төлемнің ең төменгі сомасы – 1 000 теңге. Осы айдың 20 желтоқсанына дейін кемі 1 мәрте төлем жасаған адам акцияға автоматты түрде қатысады.

Осы шарттардың бірі я бірнешесін орындаған кез келген банк клиенті акцияға қатыстырылады.

Жеңімпаз банктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен анықталады. Оған Halyk Bank қызметкерлері және лицензияланған нотариустардан тағайындалған тираждық комиссия қатысады.

Акция туралы соңғы ақпарат Halyk Bank-тің Instagram, Facebook аккаунттарында жарияланып отырады. Акция туралы соңғы жаңалықтардан хабардар болып, ұтыс ойнының күні мен нәтижелерін білу үшін ресми аккаунттарға жазылыңыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір