• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:45:42
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2020 Мәдениет

Фото: Филармонияның баспасөз қызметі

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2020 жылдың 19-27 желтоқсан аралығында Филармонияның 85 жылдығына арналған бірінші қысқы "PHILHARMONIC NEW YEAR FEST 2020" фестивалін өткізуді жоспарлап отыр.  Бұл туралы  филармонияның баспасөз қызметі хабрлады. 

Аталған фестиваль аясында филармонияның солистері мен ұжымдарының қатысуымен бірқатар думанды іс-шаралар өткізіледі. 

Фестивальдің негізгі мақсаты – әлемдік классикалық музыканың және ұлы Қазақ өнерінің рухани қарашаңырағына айналған Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мерейтойын атап өту және 85 жыл ішінде осы ұжымда еңбек еткен ұлы есімдерді ұлықтап, музыка өнерінің озық үлгілерін насихаттау. Бұл фестиваль жыл сайынғы дәстүрге айналады деп жоспарлануда.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 1935 жылдың 14 қаңтар күні құрылды. Тұңғыш директоры және көркемдік жетекшісі болып музыкатанушы, ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның халық артисі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов қызмет атқарды. Сол күннен бері 85 жыл көлемінде филармония еліміздегі ең ірі мәдени орталықтардың бірегейі әрі Алматы қаласының тарихи сәулетті ғимаратына айналды.

Қазір Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамында белгілі ұжымдар: Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі, ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы, Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті бар.

Сонымен қатар Қазақстанның халық артистері мен қайраткерлері жеке орындаушылар ретінде  қызмет етуде.

Байланыс үшін: +77028098007

E-mail: [email protected] 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір