• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:34:24
Алматы
+35°

Армения астанасы Ереванда премьер-министр Никол Пашинян мен оппозиция бір-бірімен қарым-қатынасты реттеп жатқанда, Бакуде салтанатты Жеңіс шеруі дайындалып жатыр. Бұл туралы aze.az сайты хабарлады.

Әзербайжан армиясы екінші Қарабақ соғысында сенімді жеңіске жетті, ал астанасы Бакуде әскери шеру өтеді деп жоспарлануда.

Ресейлік саяси сарапшы, "Ұлттық қорғаныс" журналының бас редакторы Игорь Коротченко осы жайтқа байланысты пікір білдірді.

Шеруді біздің заманымыздың жетекші он саясаткерінің бірі Ильхам Алиев жүргізеді. Тарих осылай жасалады, –  деді Игорь Коротченко.

Бұған дейін 10 қараша күні Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы шешім қабылданған. Армения, Әзербайжан және Ресей арасында болған келісім бойынша, Лачин, Агдам, Кельбаджар аудандары Әзербайжанға қайтарылып, басқыншы әскер аймақтан шығарылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір