• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:05:02
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Нариман Табынбаев қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған.

1988 жылдан 1994 жылға дейін Қызылорда қаласындағы облыстық аурухананың эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, ауруханадағы диагностикалық орталық бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1994-1997 жылдары – Алматы облысының орталық аудандық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

1997-2002 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.

2008-2014 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болған.

2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, USA), University of Minnesota (Minneapolis, USA) тағылымдамасынан өтті.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының "Қалалық клиникалық орталық ауруханасы" ШЖҚ МКК директоры болып келген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір