• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:39:30
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі эпидемиологиялық ахуалды хабарлады.

Министрлік мәліметінше, бір күнде 670 адамнан коронавирус, 18 адамнан пневмония анықталған. 8 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болған.

Ведомство дерегінше, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 210 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 1 001 бала бар. Стационарларда 3 803 науқас жатыр. 10 427 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр. 36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстанда COVID-19 тіркелген алғашқы күннен бүгінге дейін 137 653 адамнан коронавирус анықталған. Оның ішінде 2096 адам қайтыс болған. 1 тамыздан бастап жүргізілген пневмония статистикасына сәйкес, осы күнге дейін 43 124 адамнан пневмония анықталған. 456 адам өлген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір