• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:29:24
Алматы
+35°

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 87-ші концерттік маусымы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрманғазы оркестрі Академик Ахмет Жұбановтан, қазақтың тұңғыш кәсіби дирижері Шамғон Қажығалиевтен  бастау алған, тарихы алтын әріптермен жазылған, Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихында бірегей әрі  тұңғыш оркестр.

Елбасы – Тұңғыш  Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сөзімен айтсақ, бүгінгі Тәуелсіз мемлекетіміздің інжу-маржаны.

87-ші концерттік маусым аясында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасымыздың еңбегін айшықтау мақсатында көрме ұйымдастырылды. 

Концерттік бағдарламада қазақ музыкасының ұлылығын, ұлы даламыздың кеңдігін паш ететін сазды әуендермен қатар әлемдік классикалық шығармалар орындалды.

Іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Батыржан Мықтыбаев, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары: Айдос Жабағин, Ажар Еркебулановалар өнер көрсетті. Оркестрдің бас дирижері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген.

Өнер ұжымының келесі концерті 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 11 желтоқсанға жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Құрманғазы Оркестр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір