• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:36:24
Алматы
+35°

«Нұрсұлтан Назарбаев: Жаһандық ауқымдағы саясаткер» атты халықаралық онлайн-конференция барысында Түркияның бұрыңғы Президенті Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай қасиеттерге ие екенін айтып берді.

Оның айтуынша, Түркия елі Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған мемлекет.

«Өздеріңіз білесіздер, мен Түркия елін жеті жыл басқардым. Президент болған жеті жыл ішінде мен құрметті Нұрсұлтан Назарбаев мырзамен жұмыс істеуге мүмкіндік алдым. Сол кезде оны жақынырақ танып білдім. ХХ ғасырдың маңызды саяси оқиғалардың бірі – Кеңес Одағының ыдырауы болды. Құрметті Назарбаев мырза дамыған қазіргі Қазақстанның Президенті, қазақ халқының ұлы көреген көшбасшысына айнала алды. Тұңғыш Президент ретінде ол тұрақты және сенімді мемлекет құрды. Ел ресурстарын тиімді пайдалана отырып, Қазақстанды әлемге экономикалық және әлеуметтік қуатты мемлекет ретінде танытты,– дейді Түркияның экс-президенті Абдолла Гүл .

Сонымен қатар, ол Елбасының білім мен ғылымға ерекше мән бергенін атап өтті.

«Назарбаев соңғы ширек ғасырда Қазақстан жастарына отандық және шетелдегі ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуына жағдай жасады. Ол мықты нарықтық және еркін экономиканы қалыптастырды. Қазақстан Азияның жұлдызы жарқыраған елі ретінде әлем назарын өзіне аударды. Қазақстан халықаралық платформада да үлкен беделге ие. Сонымен қатар, көптеген бастамаларға ұйытқы болды. Назарбаев дүниежүзілік мемлекеттік институттарының қолдауымен адалдығына ие бола тұра, халқы үшін үлкен кемеңгерлік пен парасаттылық танытты. Ол Президенттік қызметінен өз қалаумен бас тартып, жана буынға жолын ашты. Бұл – саяси тарихтағы сирек кездесетін оқиғаларлың бірі»,– деді спикер.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір