• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қаңтар, 17:59:40
Алматы
-2°

АҚШ президенті Дональд Трамп Джорджия штатының республикашыл губернаторын Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін жоюға көмектесуге шақырды.

Трамп твиттердегі бірқатар жазбаларында губернатор Брайан Кемпті штат заң шығарушы органының арнайы сессиясын шақыруға үндеді.

Президент әлі күнге дейін Байденнің жеңісін "алаяқтық" деп, өз жеңілісін мойындаудан бас тартып келеді.

Сенбідегі сөйлеген сөзінде ол өзінің сыртқы саяси шаралары жақын арада сайланатын демократиялық президенттің кесірінен өзгертілуі мүмкін екенін мәлімдеді. BBC ақпаратына сәйкес, АҚШ конституциясы бойынша Трамптың жеңілгенін мойындағанына немесе мойындамағанына қарамастан, Байден 20 қаңтарда қызметіне кіріседі. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір