• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:14:11
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Artificial Intelligence Journey" онлайн конференциясында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда сайты.

Ресми сайттың мәлімдеуінше, 90 елден 28 мыңнан астам адам қатысып, бұл шара әлем бойынша биылғы ең ірі конференциялардың бірі болған.

«Master event» Жасанды интеллект: болашаққа жауапкершілікпен қарау» тақырыбында өткен пленарлық талқылауға мемлекет басшысымен қатар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысты. Жиынға "Сбербанк" БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф модераторлық етті.

Президент өз сөзінде әлем экономика, қауіпсіздік, медицина, саясат сияқты адам қызметінің бағыттарын қамтитын жасанды интеллект, машина арқылы оқыту және нейрондық желілер дәуірінде өмір сүріп жатқанын атап өтті.

Оның пікірінше, бұл өзгерістерді COVID-19 пандемиясы кезінде қарапайым адамдар да сезінді. 

– Бұл бізге мойын бұруға мұрша бермей, заманауи технологиялар жетектеп апара жатқан мүлдем жаңа әлем. Ол жарқын келешек пе, бұлыңғыр болашақ па? Келешек ұрпаққа не қалдыратынымыз? Бұл біздің – инженерлердің, IT- мамандарының, экономистердің, әсіресе, саясаткерлердің жұмылған күш-жігеріне байланысты, – дейді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда жасанды интеллектінің кескініне қарап-ақ, ауруды анықтап, диагноз қоюға, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін айтты.

Жасанды интеллектінің қолданылуы қауіпті инфекциялары бар аурулардың келесі толқынын 18 ай бұрын анықтауға мүмкіндік жасайды. Бұл күрделі жағдайға дайындалу үшін айтарлықтай уақыт береді.

Тоқаев Қазақстанның жасанды интеллект технологиясын өркендетуді және үлкен деректерге талдау жасауды дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықтағанын жеткізді.

Оның айтуынша, географиялық тұрғыдан үлкен мемлекеттерге ел ішінде "цифрлық теңсіздікті" төмендету және "цифрлық агломерация" маңызды болмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір