Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот 6 қазанда Қарабақ қақтығысына байланысты Түркияға қарсы уақытша шаралар қолдану туралы шешім қабылдаған. Енді жалдамалыларды Қарабаққа ауыстыру мәселесі бойынша сот Түркияға "рақымшылық жасап", керісінше Әзербайжанды "жазалауы" мүмкін. Бұл туралы armeniasputnik.am сайты хабарлады. 

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот (бұдан кейін АҚЕС – ред.) радикалдардың Қарабақтағы қақтығыс аймағына ауысуына байланысты Түркияға қарсы уақытша шаралар қабылданғанын жариялаған болатын. АҚЭС-тің Армениядағы өкілдігі фейсбук парақшасында осыған қатысты мәлімет ұсынды. 

Хабарламада Армения, Ресей және Әзербайжан басшыларының Қарабақтағы атысты тоқтату туралы бірлескен мәлімдемесі негізінде 17 қараша күні Түркия Еуропалық сотқа шешімнің күшін жою туралы өтініш бергені жазылған.

1 желтоқсанда АҚЕС Анкараның апелляциялық шағымын қайта қарап, Түркияға қарсы уақытша шараларды жойды. Ал Әзербайжанға қарсы уақытша шаралар күшінде қалады.

Бұған дейін, армян сайттарында Түркия Қарабақ пен Арменияға қарсы пайдалану мақсатында Сирияның солтүстігінен жалдамалы террористерді Әзербайжанға өткізгені туралы ақпарат тарады. Бұл деректі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары және шетелдік құқық қорғау ұйымдары ғана емес, сонымен қатар Сирия, Франция, Ресей, АҚШ, т.б. билік өкілдері растаған. Аталмыш ақпарат негізінде Армения сотқа жүгінді. 5 қазанда АҚЕС Армения үкіметінен Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты Түркияға қатысты уақытша шаралар қабылдау туралы 39-норма негізінде өтініш қабылдады. Сот 29 қыркүйектегі уақытша шараларды қолдану туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды және қақтығысқа тікелей немесе жанама қатысушы барлық елдерді, соның ішінде Түркияны, Еуропалық конвенцияға сәйкес, бейбіт тұрғындардың құқықтарын бұзбауға шақырды. 

Арменияның сыртқы істер министрлігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіретін ЕҚЫҰ аумағында орналасқан қақтығыс аймағында Таяу Шығыстан шетелдік террористер мен жиһадшылар орналастырылған кезде терроризм таралуының мүлдем жаңа көрінісі бар деп мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір