• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:32:15
Алматы
+35°

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Ұлы дала тұлғалары» орталығы 2020 жылғы 30 қарашада  Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты іс-шара өткізді.

Іс-шараға ғалымдар, белгілі қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар, докторанттар, отандық оқу орындарының магистранттары, студенттері және қазақтың жетекші білім ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстаздары: Бегалиева А.К., Тойғанбекова М.,Идрисова Г.А., Наралиева Р.Т. қатысты.

Азаматтық-патриоттық шараны модератор Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылым және цифрландыру жұмысы жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы Саябек Сахиев Қуанышбекұлы жүргізді.

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильм көрсетіліп, онда ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов «Тарихты жасайтын үш құдірет бар: ол – халық, ол – халықтан шыққан тұлға, ол – билік», – десе, өзі мінбеге шығып сөйлеген сөзінде еліміздің бірінші Президенті   Н.Ә. Назарбаевтың дүние жүзіндегі алып мемлекеттермен де қарым-қатынас жасауға қол жеткізгенін атап өтті.

Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дәулетхан Мәсімханұлы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи отанға оралуға жол ашылғанын, өзі келген 20 жылдай уақытта Қазақстан ғылымда біраз жетістікке жеткенін айтып, Елбасының тарихи тұлғасын жоғары бағалады.

Азаматтық-патриоттық шара барысында дәріскер ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткені, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екені және Нұр-Сұлтан қаласының салынуына мұрындық болғаны ешқандай дау тудырмайтыны анық екендігін атап көрсетті. Бұл шара туралы толық мәліметті www.http/kaznu.kz сайтынан таныса аласыздар.

Аз ғана мерзімде қос құрлықтың арасындағы ұлан-байтақ кеңістікте бабадан қалған қонысты түгел иемденіп қалдық, аңсаған азаттыққа қан төкпей бейбіт жолмен жеттік.

Бұрынғы КСРО елінің кеңістігінде құрылған ТМД мемлекеттерінің ішінде халықтар достастығына, толеранттыққа басымдылық берілген парасатты саясаттың арқасында отыз жылға жуық уақыт ішінде ұлтараздықты, дінараздығын қоздырмай, ушықтырмай көк аспанның астында көк туын желбіретіп, бейбіт өмір сүріп жатқанымызда биліктің, ҚР Тұңғыш Президентінің, еліміздің титулды ұлты – қазақ халқының кеңпейілділі екені туралы әлем баспасөз құралдарында аз айтылып жатқан жоқ.  

Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған болатын. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген тәуелсіз  Қазақ мемлекетін құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Егемен Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған еді.

Дәрістің соңында «Көк тудың желбірегені» әні орындалды. Қонақтарға орталық директоры саяси ғылымдарының докторы Г.Р. Нурымбетова «Ұлы дала тұлғалары» орталығы шығарған кітаптарды сыйға тартты. 

 

Тұңғыш Президент күніне арналған дәріс жастардың тарихи танымын, қоғамдық санасын қалыптастыратындай дәрежеде өтті.

 А.К. Бегалиева, Р.Т. Наралиева,

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары

Ф.М. Шамшединова,

Қазақ ұлттық қыздар университетіің доценті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір