• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:12:56
Алматы
+35°

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте журналисттің "сіз Жамбыл облысына келгеннен кейін бардюрларды ауыстыру басталды. Сізде бардюр шығаратын зауыт бар ма?" деген сұрағына жауап берді.

– Бұл сұрақ маған шамамен 15 жыл бұрын қойылған шығар. Шығыс Қазақстаннан басталып, Жамбыл облысында жалғасуда. Біріншіден, мен бұл туралы ШҚО-да айттым, менің зауытым жоқ. Егер менің зауытым болса, мен әкім болып жұмыс істемес пе едім. 

Жол, көше құрылысы жүріп жатқанда, бардюр бар ма, жоқ па, қарау керек. Бұл бірінші.... Екінші, бардюрдың сапасын көру қажет. Осыдан кейін шешім қабылданады. Жолдар салынып жатқан кезде міндетті түрде бордюрлер жасау қажет, – деп жауап берді өңір әкімі. 

Ол Таразда кейбір мердігерлер жақсы бардюрлерді ауыстырған жағдай туралы айтты.

– Біз оларды бұл үшін жазаладық. Себебі қалыпты жол жиектерін қайта пайдалануға болады. Мен тағы да бәріне қайта тексерсін дегім келеді. Менде зауыт жоқ. "Алматыда Сапарбаев зауыты бар, Сапарбаев барлық жерде бардюрды әдейі өзгертеді" деп жазды. Белгіленген норма бар, осы нормаға сәйкес жол жиектері өзгереді, – деп түйіндеді Сапарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір