• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:49:19
Алматы
+35°

30 Қараша, 2020 Әлеумет

Сағынтаевтың 8 жылға сотталған күйеу баласы мен "қымбат киімге құмар" қызы

Азаттық радиосының мәліметінше, әкімнің қызы тұрақты сауда жасайтын Net-a-Porter дүкені Еуропаның сән әлеміндегі соңғы үлгідегі киімдерді сатады.

Фото: коллаж

Британдық Financial Times басылымы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қызы Меруерт Ибрагим Net-a-Porte интернет-дүкенінде "өте маңызды тұтынушы" (EIP, extremely important person) статутысына ие екенін айтты. Бұл статусты көп сауда жасайтын клиенттерге береді, деп жазады exclusive.kz.

Азаттық радиосының мәліметінше, әкімнің қызы тұрақты сауда жасайтын Net-a-Porter дүкені Еуропаның сән әлеміндегі соңғы үлгідегі киімдерді сатады.

Британдық Financial Times басылымы өткен аптада Меруерт Ибрагимнің Лондон, Қазақстан және Дубай арасында қалай саяхаттайтынын және қымбат бренд киімдерді қалай сатып алатынын егжей-тегжейлі жазған. Оның бұрынғы күйеуі Бахыт Ибрагим банк ақшасын жымқырғаны үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылған.  

Financial Times репортеры EIP статусы тұрақты клиенттерге "қарапайым адамдарда" жоқ артықшылықтар туралы айтып берді. Мәселен, оларға жеке көрсетіледі, түрлі шараларға шақыру қағазы беріледі. Арнайы клиенттер жаңа түскен киім үлгілерін сайтқа жарияланбас бұрын сатып ала алады. Бір жылда екі мәрте жеке шоппердің қызметіне жүгініп, алты айға алдын ала тапсырыс бере алады.

EIP статусын алу үшін белгіленген сомаға кез келген категория бойынша сауда жасауға болады. Net-a-Porter нақты сомасын айтудан бас тартты.

Дүкен жұмысын зерттеу үшін Financial Times репортері де аталмыш статусқа ие болған. Net-a-Porter дүкені сол үшін одан 10 мың фунт (5 миллион 662 мың тенге) ұстап қалған.

Financial Times басылымының айтуынша, сайтта Бақытжан Сағынтаевтың қызы Меруерт Ибрагим Buro24/7 қазақстандық сән жобасының негізін қалаушы деп көрсетілген. Сайтта Меруерт Әбдірдің "маңызды сатып алушы" қатарына кіргеніне 3 жыл болғаны айтылады.

Репортер бренд киімдердің қанша тұратынын да айтты. Етік – 585 фунт стерлинг (331 мың теңге), жейде – 515 (291 мың теңге), сөмке – 1 250 (707 мың теңге), плащ – 2 175 фунт стерлинг тұрады.

Бұған дейін Алматының Алмалы аудандық соты RBK Bank ақшасын жымқырды деп айыпталған 37 адамға шешім шығарды. Оның ішінде Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері мен Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы да бар. Бахыт Ибрагимов 8 жылға бас бостандығынан айырылды және мүлкі тәркіленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір