• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 05:18:36
+35°

Батыс Қазақстан облысындағы жол апатынан тағы бір адам көз жұмды. Қазіргі уақытта қайтыс болғандар саны төртке жетті.

"Ауруханаға барар жолда "Волга" көлігінің 69 жастағы жүргізушісі де қайтыс болды. 17 жастағы жасөспірім облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 27 жастағы әйел Қазталов аудандық ауруханасында ес-түссіз күйде, жағдайы ауыр" делінген жазбада.

Бұған дейін облыста "Волга" және "Lada Granta" көліктері соқтығысып үш адамның қайтыс болғаны хабарланған.

Оқиға 29 қараша күні сағат 15:46-да Казталовка – Чапаево тасжолында болған. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 52 жастағы әйел мен екі ер адамның көз жұмғанын айтқан. Біреуі 40-50 жаста, екіншісі 1989 жылғы.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан көп адамның өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір