• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:00:30
Алматы
+35°

30 Қараша, 2020 NEWS

Фото: Ашық дереккөз

28 қараша, сенбі күні АҚШ-тың президент сайлауында жеңіске жеткен демократ Джо Байден итпен серуендеп жүрген кезде аяғын сындырып алған. Кейінірек оның ауруханадан шыққан сәттегі видеосы тарады. Кадрларды NBC фотографы түсірген. Оларды Ақ үйде болған телеарна тілшісі Келли О'Доннелл Twitter-де жариялады.

NBC қызметкері саясаткердің Делавэрдегі ортопедиялық бөлімшеден бірнеше адамның демеуімен шыққанын түсірген. Байден ешкімнің көмегін пайдаланбай біркелкі жүреді. Видеоның соңында ол көлікке отырады.

Басылым мәліметінше бұрын компьютерлік томография Байденнің екі аяғының сынғанын растады. Оған "аяқтың бүйір және ортаңғы сына тәрізді сүйектерінің филиформалық сынуы" диагнозы қойылған. Бірнеше апта бойы саясаткер арнайы аяқ киіммен жүруге мәжбүр болады. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп оған тезірек сауығуды тіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: джо байден ақш

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір