Пәкістан премьер-министрі Имран Хан педофилдер мен жыныстық зорлық-зомбылық жасаушыларды химиялық кастрациялау туралы заңды мақұлдады. Бұл туралы британиялық The Sun газеті жазды.

Пәкістан үкіметі әлі ешқандай ресми мәлімдеме жасамағанымен, шешім федералды үкімет отырысы кезінде қабылданды.

– Біз өз азаматтарымыз үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуіміз керек, – деген Пәкістан премьері.

Ақпаратқа сәйкес, заң жобасы сонымен қатар әйелдердің полициядағы рөлін арттырады, куәгерлерді қорғауды жақсартады.

Имран Хан "зорлаудан аман қалғандар шағымдарды қорықпай тіркей алады және олардың жеке басы жаңа заңнамаға сәйкес қорғалатын болады" деп қосты.

Елдің ақпарат министрі Шибли Фараз "Федералдық кабинет зорлауға қарсы қаулыларды мақұлдады, олар зорлаудың негізгі анықтамасын өзгертеді және топтық зорлау мен зорлаушыларды дарға асу сияқты қатаң жазалауды ұсынады" деп мәлімдеді.

Пәкістан сенатының мүшесі Фейсал Джавед Хан "Балалар мен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсететіндерге қатысты заң жобасы жақында парламент мақұлдауымен жүзеге асырылады" деді.

Қыркүйек айында сенатор твиттерде "жабайы аңдар" үшін "ең қатаң жаза" болатынын және кастрацияға қолданылатынын жазған.

Пәкістанда жыл сайын шамамен 1000 әйел махаббат пен некеге қатысты дәстүрлі нормаларды бұзғаны үшін "даңқты өлтіру" деген атпен өлтіріледі.

Қазіргі кезде елде зорлаушыларға 10 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалады.

Топтық зорлау үшін не өлім жазасы, не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Пәкістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір