• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:50:35
Алматы
+35°

29 қараша, жексенбі күні Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло аймақтағы қатаң карантин шараларын тағы бір аптаға ұзартатын жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Қаулыдағы шаралар 2020 жылғы 07 желтоқсан сағат дейін күшінде болады. Бұған дейін Қостанай облысының бас санитар дәрігері өңірдегі шектеулерді 30 қарашаға дейін ұзартқан болатын.

Құжатқа сәйкес, аймақта такси 22.00-ден 06.00-ге дейін жүре алмайды. Жүргізушілер мен жолаушылар міндетті түрде бетперде киюі керек.

Сондай-ақ фудкорт, банкет залдары, аквапарк, термопарк қызметіне тыйым салынған.

Діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар), мәдениет объектілерінің (жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, музейлердің, театрлардың қызметі тоқтатылды.

Қалааралық жолаушылар қоғамдық көлігінің (автобустар, шағын автобустар, такси) жүруіне тыйым салынады.

Азық-түлік дүкендерінің, оның ішінде шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызметіне тек 08.00-ден 21.00-ге дейін, ал дәріханалардың жұмысына шектеусіз рұқсат етіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір