• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:08:54
Алматы
+35°

Орыс маманы НАСА-ның Мәскеуді ғарыш кемесі арқылы ядролық бомбалайтын құпия жоспары болғаны туралы зерттеуін жариялады" деп жазды Newpaper24.com басылымы.

Басылымның жазуынша, Вашингтон мен Мәскеу үшінші дүниежүзілік соғысты бастауға өте жақын қалған. Олардың төрт жылға созылған текетіресінде Куба зымыран дағдарысы шиеленісті арттыра түскен.

"Екі елде де алапат соғыс туралы үрейлер болды. Технологиялар мен оны өңдеушілердің көптеген қателіктерінен бірнеше секунд өткен соң ядролық соғыстың алды алынды" деп жазды басылым.

Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына жасалған ядролық соққыдан кейінгі ықтималдығы жоғары ядролық соғыс қаупі туындағаны тілге тиек етілген.

Ақпаратқа сәйкес, орыс зерттеушісі Павел Шубин осы қорқыныштың шығу тегі туралы 1976 жылғы наурыздағы құжатты ашқан.

Құжатты сол кездегі қолданбалы математика институтынан Ю.Г. Сихарулидзе мен Дмитрий Охотсимский жазған. Олар кеңестік ғарыш аппараттарының траекториясын анықтауда шешуші рөл атқарған.

АҚШ-тың ғарыш жөніндегі тарихшысы Дуэйн Дэй өз блогындағы жазбасында былай дейді: "Хабарламада америкалық ғарыштық шаттл Калифорниядағы Ванденберг әскери-әуе базасынан ұшырылатыны және Кеңес Одағының оңтүстігінен солтүстігіне қарай ұшатыны айтылған. Ол Мәскеудің үстінен өтіп, ядролық қаруды жібереді... Қару шаттлдан шыққан 200 секундтан кейін Мәскеуді түгелдей жарып жібере алатын қауқарға ие. Бұл – осы тапсырманы америкалық суасты ракетасына орындатқаннан әлдеқайда тез".

Шубиннің айтуы бойынша, есеп Коммунистік партияның Орталық Комитетіне келіп түскен және онда қатты пікірталас болған. Нәтижесінде КСРО премьер-министрі Леонид Брежнев елді осындай шабуылдан сақтау үшін баламалы шаралар кешенін әзірлеуді бұйырған.

Шубин бұл есеп бірнеше кеңестік ұйымдар арасында таратылғанын және оның кеңестік ғарыш бағдарламасына айтарлықтай әсер еткенін жазады.

Басылымның ақпаратынша, есепте айтылғандар ол кезде көпшілікке мәлім емес еді, сондықтан оның мазмұны ондаған жылдар бойы қайта айтылып, бұрмаланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір