Алматы облысының Шонжы елді мекеніне бекеттер қойылды. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі  хабарлады. 

Шонжыда соңғы он күнде 21 адамнан ковид белгілері анықталған.

Індеттің өршуіне байланысты аудандық бас санитар дәрігердің қаулысымен ауылға төрт тексеріс бекеті қойылған. Соның негізінде бірқатар шектеу шаралары енгізіліп, сақтық шаралары күшейтілді.

Бір отбасы мүшелері болмаса көшеде топтасып жүруге тыйым салынды.

Сауда үйлері мен дүкендердің жұмыс уақыты қысқартылды. Елді мекенге сырттан келгендер кіргізілмейді. Тек азық-түлік тасымалдайтын және транзит арқылы өтетін медициналық, коммуналдық қызметтер мен өзге құрылымдардың мамандарына ғана рұқсат беріліп отыр.

Оның өзінде жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, сауалнама жүргізілгеннен кейін жіберіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір