• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:44:51
Алматы
+35°

Қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың өліміне қатысты тың деректер жарияланды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевты тапсырыспен өлтіруі мүмкін деген нұсқа бар. Орындаушыға миллион теңге уәде етілген.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайрат Қасымов қарауда. Сот талқылаулары куәлардан жауап алу сатысында. Отырыстар алқабилердің қатысуымен өтеді.

Айыптау болжамына сәйкес, тапсырыспен кісі өлтіруді ұйымдастырушылар Атасу кентінің тұрғындары – бизнесмен Азамат Бөкенаев және экс-полицей Ғалым Ахмеджанов. Бөкенаевтың көлік жуу орны болған, ал Ахмеджанов жергілікті полиция бөліміне қарасты тіркеу-емтихан тобы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. Олардың Бақтыбаевқа деген дұшпандық көзқарастары болған, себебі белсенді үстілерінен түрлі шағымдар түсіріп отырған.

Деректер бойынша, 2019 жылы Бөкенаев және Ахмеджанов ауыл тұрғындары Иман Мияшов пен Эльдар Жәкеновке белсендіні соққыға жығу туралы өтініш жасаған. Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушылар белсендіге шабуыл ұйымдастырып,  оны қорқытпақ болған.  Оның орнына Азамат Бөкенаев Иман Мияшевке 150 мың теңге қарызын кешіремін деген.

Құжатта көрсетілгендей Мияшев пен Жәкен белсендінің үйіне барған. Олар оның далаға көмір алуға шыққан сәтін пайдаланып, шабуыл жасаған. 

"Соққыға жығылған Бақтыбаев шағым жазуды тоқтатпаған. Сол кезде Бөкенаев және Ахмеджанов оны өлтіруді жоспарлап, Мияшевтың көмегіне жүгінген" делінген құжатта. Ұйымдастырушылар кісі өлтіру үшін оған қару мен бір миллион теңге ұсынған. 

Қоғамдық белсендісі 2019 жылдың  28 мамырында өз ауласында қайтыс болды. Тергеу мәліметтері бойынша, Иман Мияшев оған 15-20 метр қашықтықтан екі оқ атқан, содан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. 

Қылмыстық оқиға орын алғаннан кейін Мияшев ізін жасырып, Ақмола облысына қашып кетіп, Ақсу кенішінде күзетші болып жұмыс істеген. Алайда ол сол жерде басқа күзетшілермен төбелесіп, нәтижесінде полиция оны ұстаған. 

28 жастағы Иман Мияшевке қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды: "қару қолданып бұзақылық жасау"," денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа дәрежедегі зиян келтіру"," адам өлтіруге оқталу"," адам өлтіру және "атыс қаруын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру".

Оның серіктесі, 31 жастағы Эльдар Жәкенге "денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру" деген айып тағылды.

40 жастағы Азамат Бөкенаев пен 41 жастағы Ғалым Ахмеджанов "денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа дәрежеде зиян келтіруді ұйымдастыру" және "кісі өлтіруді ұйымдастыру" баптары бойынша айыпталуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір