• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:27:40
Алматы
+35°

Желтоқсан-қаңтар айларында карантин шаралары қатаңдатылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

– Апта сайын деректерді талдау және болашақ жағдайларды болжау жүргізіледі. Қазіргі уақытта өзгеріп келе жатқан сценарий бойынша желтоқсан-қаңтар айларында карантин шараларын күшейту керегін көріп отырмыз. Барлығы да қазір жағдайды қаншалықты басқаратынымызға байланысты болады, – деді ол.

Министр жағдай бақылауда екенін, алаңдаудың қажеті жоғын атап айтты.

– Жағдайды бақылап отырамыз және біз апта сайын болжамдарды жаңартып отырамыз. Бірақ коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбейіп жатқанын да көріп отырмыз. Ол бола береді. Ең бастысы, біз жағдайды бақылай алып отырмыз. Сіздер қазір ауруханалар мен жұқпалы аурулар ауруханаларының 22 пайызы ғана толықтырылғанын білесіздер. Реанимация төсегінің 17 пайызы бос емес. Бізде қосалқы құрам бар. Қазір жағдай бақылауда тұр. Алаңдаудың қажеті жоқ. Барлығын бақылап отырмыз, – деді Цой.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алексей Цой карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір