27 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Коронавирус өліміне әсер ететін негізгі факторлар аталды

Осы айда коронавирус инфекциясына байланысты 36 науқастың өмірі өліммен аяқталды.

Фото: ҚР ДСМ

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15876 жағдайы тіркелген, оның 9583-інде ауру белгілері болса, 6293-і симптомсыз.
 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Мәдеева хабарлады.
 
Брифингке сондай-ақ Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қатысты.
 
Басқарманың деректері бойынша күн сайын аурудың симптомсыз формасы 40 адамға дейін анықталады. Пневмонияны үдемелі түрде жұқтырудың 1140 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққандар – 14740 немесе 93%. Қайтыс болғандар – 323.
 
Медициналық ұйымдарда 257 адам (15 бала) емделуде, оның ішінде ауырлық дәрежесі бойынша 20 (7%) адамның жағдайы аса ауыр, 65-і (25%) ауыр жағдайда, 230 науқас (68%) орташа ауыр жағдайда.
 
Бір тәулік ішінде емделіп шыққан 37 адам үйлеріне шығарылды, 61 науқас келіп түскен. Реанимация бөлімшелерінде 29 пациент бар, яғни стационарлық емдеудегі пациенттердің жалпы санының 11%-ы.
 
Ж.Мадееваның айтуынша, ауру жұқтырып, сырқаттанудың ең жоғары көрсеткіші 2020 жылдың шілде айында болды, реанимация бөлімшелеріндегі пациенттердің үлес салмағы 4%-ды құрады (стационардағы 1691 пациенттің 65-і), бұл қазіргі кезбен салыстырғанда 3 есе аз.
 
«Бұл факт аурудың агрессивті түрін көрсетеді. Жағдай аз уақыттың ішінде қиындап кетеді. Бұл коронавирус инфекциясының басқа суық тию ауруларымен аясында жүруімен байланысты болуы мүмкін, бұл жағдай диагнозды растау үшін науқастардың медициналық ұйымдарға кеш жүгінуіне әкеледі», - деді ол.
 
Осы айда коронавирус инфекциясына байланысты 36 науқастың өмірлері өліммен аяқталды. Оның ішінде, жас құрылымы бойынша: 65 жасқа дейін – 10 пациент немесе 28%, 65 жастан жоғары – 25 пациент немесе 72%. Тәулік бойынша тағы қосымша: тағы 3 науқаста өлім тіркелген.
 
«Қайтыс болған 36 пациенттің тек 8-і немесе 22%-ы аурудың 7-ші күніне дейін қаланың стационарларына түсті, қалған 28-і (78%) аурудың кеш мерзімінде, яғни аурудың оныншы және одан да көп күннен кейін түсті. Сонымен қатар, науқастардың 19-ы немесе 52%-ы аурудың алғашқы белгілері болған кезде дер кезінде өз емханаларына жүгінбей, таныстары мен туыстарының ұсыныстарын пайдалана отырып, үйде ем қабылдаған», - деп толықтырды Ж.Мадеева.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір