• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:40:39
Алматы
+35°

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясына байланысты алматылықтарға үндеу жасады.

Оның айтуынша, бас санитар дәрігердің қаулысымен енгізілген қолданыстағы шектеу шаралары КВИ ауруының өсуін тежейді және жасыл аймақта қалуға мүмкіндік береді.

– 26 қарашадағы жағдай бойынша Алматы қаласында эпидемиялық жағдай қиын (ауыр) болып тұр. Соған байланысты қала аумағында енгізілген шектеу шаралары жалғасуда. Жыл басынан бері аумақта коронавирус инфекциясының 15 876 жағдайы және 1140 этиологиясы анықталмаған пневмония тіркелді.

Қазіргі эпидемилогиялық жағдай бойынша Алмалы және Бостандық аудандары – сары белдеуде. Әуезов (21,2) және Медеу (23,3) аудандары коронавирус инфекциясының жиілігі бойынша "қауіпті" аймақта. Таралу индексі бойынша ең тұрақты жағдай Жетісу (0,9) және Түрксіб (1,0) аудандарында байқалады.

Бізді әлі де бірқатар кәсіпорындардың жауапсыздығы алаңдатып отыр, мысалы "Небо" түнгі клубы шектеу шараларын 3 рет бұзды. Нәтижесінде 950 мың теңгенің айыппұлы салынып, сотқа қызметін тоқтату туралы талап-арыз жолданды, бұған қылмыстық жауапкершілік артылады, – деді Бекшин.

Сонымен қатар ол онлайн режимде оқитын оқушылар арасында сырқаттанушылардың өсу фактісі туралы айтты.

– Онлайн оқудағы оқушылар арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, сол себепті ата-аналардан балалардың денсаулығын қорғауды сұраймыз. Балалар аурушаңдығының негізгі себебі – компьютерлік және басқа жабық клубтарға бару, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға (түнгі клубтар, мейрамханалар және т. б.) баратын басқа отбасы мүшелерінің инфекцияны жұқтырып әкелуі, сондай-ақ қашықтан жұмыс істеуді елемеу, – деп атап өтті ол.

Бас санитар дәрігер коронавирус инфекциясының алдыналу үшін қала тұрғындарынан профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір