• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:33:21
Алматы
+35°

Арменияда Әзербайжаннан кек алу туралы әңгімелер әлі де жалғасып жатыр. Бірақ ресейлік сарапшы бұл ой армян тарапын одан да ауыр жеңіліске ұшыратуы мүмкін деп санайды. Бұл туралы aze.az сайты хабарлады. 

Ресейдегі "Коммерсант" сыртқы саясат бөлімі басшысының орынбасары, Халықаралық істер жөніндегі кеңестің сарапшысы Алексей Наумов "Мәскеу-Баку" порталына берген сұхбатында Армения өткен жағдайлардың бәрінен сабақ алуы керегін айтты. Оның сөзінше, армяндар әлі еш нәтиже шығарған жоқ.

Армения кінәлілерді іздеп жатқанын, кек алу туралы келіссөздер жүріп жатқанын естідік. Соғыстан кейін жеңілген тарап әрқашан кек алғысы келеді. Дегенмен менің ойымша, қазір армян халқының басты міндеті – отандастарына көмектесу және әзірбайжандармен қатар бейбіт өмір сүруге бейімделу, жанжалдарды реттеу қандай пайда әкелетінін түсіну, – деді Наумов.

Сарапшы Арменияның үшжақты келісімді орындайтынына сенімді. Өйткені Арменияның Ресейге қарсы шығуға мүмкіндігі жоқ.

– Егер қандайда бір радикал Арменияда билікке келсе, үшжақты келісімнің күшін жоюға тырысады. Бірақ ондай болған жағдайда Әзербайжан армиясы Ханкенди мен басқа аумақтарды да бақылауға алады. Қазір Армения үшін келісімді жүзеге асыру ең жақсы қадам екені анық, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір