• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:01:37
Алматы
+35°

27 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Қырғызстанда орыс тілінің статусына қатысты шешім шықты

Конституциялық кеңес мүшесі Садирдин Төреәлиев орыс тілін ресми тіл статусынан айыруды ұсынды

Фото: azattyq-ruhy.kz

Орыс тілі Қырғызстанда ресми тіл ретінде қалды. Бұл туралы онлайн режимде өткен брифингте «Адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігі» секциясының басшысы Нұрлан Шеріпов хабарлады.

Оның айтуынша түрлі ұсыныс айтылды, бірақ конституциялық кеңес мүшелері негізгі тіл – қырғыз, ресми тіл – орыс тілі болып қалады деп шешті.

– Орыс тілі - ресми тіл. Конституциялық кеңес қырғыз тілін мемлекеттік тіл деп қалдырды. Ағылшын тілін де ресми тіл ретінде енгізу ұсынылған, бірақ ұсыныс қабылданбады.

Кеше конституциялық кеңес мүшесі Садирдин Төреәлиев орыс тілін ресми тіл статусынан айыруды ұсынды. Оның сөзінше жастар қырғыз тілінде сөйлемейтін болған. Садирдин Төреәлиевтің ұсынысы қызу талқыға ұласты.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір