"Қытай басшысы Си Цзиньпин Джо Байденді АҚШ-тағы сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, Байденнің жеңісін мойындамаған әлемнің бірқатар жетекшілерін, соның ішінде Владимир Путинді артта қалдырды" деп хабарлады британиялық The Guardian басылымы.

Қытайлық мемлекеттік БАҚ-тардың ақпаратынша, Си Байденмен телефон арқылы сөйлесіп, екі елдің "қақтығыспайтынына, өзара сыйластық пен жеңіске жететін ынтымақтастық рухын қолдайтынына, татулыққа назар аударатынына, келіспеушіліктерді басқаратынына және бірге алға жылжитына" үміт білдіретінін айтқан. 

Байден 8 қарашада жеңіске жетті деп есептелгеннен кейін бірнеше әлем лидерлері, оның ішінде басшылары Германия мен Ұлыбритания құттықтады, бірақ Қытай АҚШ-тың Жалпы қызметтер басқармасы декларация жасауын және Трамп өз командасына ауысу туралы бұйрық бергенге дейін күтетінін мәлімдеген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір