• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:06:54
Алматы
+35°

27 Қараша, 2020 Әлеумет

Фото: regnum.ru

Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан 11 816 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 781 бала бар. Стационарларда 3 276 науқас жатыр.  8 540 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 208 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады" делінген министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір