• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:04:29
Алматы
+35°

26 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Жамбылда 3 тоннандан астам есірткі тәркіленген

Қылмыстық кодекстің 296-бабы  4-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: Жамбыл облысы полиция департаменті

2020 жылғы 21 қарашада Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Т.Рысқұлов ауданының жайылымындағы құмға жақын маңдағы аймақта қойшы болып жұмыс істейтін Жуалы ауданының 42 жастағы тұрғынын ұстады, одан 16 келіден  астам "кептірілген марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерекке қатысты  қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Күдікті қамауға алынды. Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 785 қылмыстық құқық бұзушылық дерегін анықтаған. Оның ішінде 120 есірткі өткізу дерегі, 59 аса ірі көлемде сақтау дерегі, 5 есірткі құралдарының контрабандасы,  4 есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау және 574 қылмыстық теріс қылық дерегі бар.

Полицейлер заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі:  70 келі  гашиш, 2 тонна 907 келі  марихуана, 1 келі  героин және 2 келі синтетикалық есірткі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Есірткі Жамбыл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір