Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова алдын алу шараларын ұстану арқылы COVID-19 инфекциясын бәсеңдетуге болатынын мәлім етті. Бұл туралы Алматы қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Эльмира Битанова алматылықтардың есіне коронавирустың алдын алу шараларын ұстанудың маңызы жайлы салды.

Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы препарат жоқ екені бәрімізге белгілі. Бірақ бәрімізге жақсы таныс алдын алудың қарапайым ережелері мен шарттары бар. Бұл кезеңде уақытылы ұйықтау және демалыс, күн тәртібін дұрыс сақтау өте маңызды екенін атап өткен жөн. Екіншіден, күйзелісті жағдайлардан аулақ жүру қажет. Барлық дерттерді дер кезінде емдеп, аурудың алдын алу керек. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн. Дұрыс тамақтану әдетін ұстанған маңызды. Иммундық жүйеге жүк түсірудің қажеті жоқ, алкоголь тұтыну мен темекіні шектен тыс қолдануды тыю керек. Тек осындай жағдайда ғана иммундық жүйені қалыпты жағдайда ұстауға болады. Пандемия кезінде бұл мәселелер одан да айқын бола түсті, – деп атап өткен ол осы кезеңде денсаулықты бақылау өте маңызды екенін айтты.

Алдын алу шараларына қатысты Э.Битанова қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықты сақтаудың аса маңыздылығы мен жұқтыруды болдырмау үшін бір ғимаратта шоғырланудан аулақ болу қажеттігін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір