Алматы қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жаңа шақырылған Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға бақылаушы ретінде қатысатынын мәлімдеді.

Өздеріңіз білетіндей, сайлау Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалған болатын.

Бұл шешім еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын,Қазақстан Республикасындағы ең ірі қоғамдық бірлестік маңызды ішкі саяси процестерден тыс қала алмайтындығымен түсіндіріледі.

Алматы қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі елдің сайлау заңнамасының барлық нормаларының сақталуын қадағалап, сайлау күні сайлау процестерінің ашықтығын қадағаламақ.
Құрамына мегаполистің 715 бастауыш кәсіподақ ұйымдары кіретін ұйым, азаматтардың таңдау еркіндігі жұмыс берушілер немесе атқарушы органдар өкілдерінің қандай-да бір қысымымен бұзылмауы керек деп санайды.

- Бірлік, әділеттілік, даму - бұл Алматы қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қызметінің негізгі қағидаттары. Біз жұмысшылардың мәселелерін шешуге қатысу және олардың таңдау еркіндігіне конституциялық құқығын жүзеге асыруда қолдау көрсету ең маңызды жалпы адамзаттық құндылықтар деп санаймыз. Біздің әлеуметтік серіктестерімізбен ынтымақтастыққа негізделген бірлескен жұмыс қана қоғамның негізгі демократиялық құндылықтарын сақтауда айтарлықтай табыстарға жетуге мүмкіндік береді деп сенеміз, - делінген Алматы қаласы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің үндеуінде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сайлау Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір