• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:50:14
Алматы
+35°

Қазақстандық саясаттанушы Талғат Мамырайымов экс-сенат спикері Дариға Назарбаеваның соңғы уақыттағы саяси белсенділігі оның үлкен саясат әлеміне орала бастағандығын білдіреді деп санайды. Бұл туралы ол Украина.ру басылымына берген сұхбатында айтты.

Сарапшы "Дариға Назарбаеваның сенат спикері қызметінен кетуі қоғамнан уақытша алшақтауы" деп түсіндірді. 

– Өткен айда Дариға Назарбаева саяси белсенді болды. Бұл оның үлкен саясат әлеміне орала бастағанын көрсетеді. Дариға Назарбаеваға қарсы ақпараттық шабуылдар болды, оның ішінде марқұм ұлы Айсұлтан Рахаттың анасы мен атасы туралы айтқаны бар. Бұл Дариға Назарбаеваның беделіне ғана емес, Назарбаевтың беделіне де күшті соққы болды. Әрине, Назарбаев мұны назардан тыс қалдыра алмады, сондықтан Дариға Назарбаеваның орнынан түсуі жағдайды уақытша бәсеңдету болды. Неге уақытша, өйткені Назарбаев билікті беруге батылы жетпейді,– деді Мамырайымов сұхбат барысында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір