• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:23:50
Алматы
+35°

Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин елді мекендерді газдандыруды белсенді түрде жалғастыру – үкіметтің басты міндеттерінің бірі екенін айтты.

– Әлемдік энергетика нарығын талдау газ өнеркәсібі энергия тасымалдаушылардың өзге түрін өндіру мен тұтынуға қарағанда, қарқынды дамып келе жатқанын көрсетіп отыр. Қазақстанда да осындай жағдай байқалып отыр. Биыл тұтыну 16,5 млрд текше метрге дейін өседі деп күтіліп отыр. Ең алдымен, бұл тұтынушылар санының өсуімен байланысты. Бұл орайда электр энергиясын өндіру үшін газ – 50 пайыз, коммуналдық-тұрмыстық сектор – 36 пайыз, өнеркәсіп 14 пайыз пайдаланатын болады. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ел тұрғындарын газдандыру көрсеткіші 53 пайыз деңгейінде жоспарланған. 9,8 млн адам табиғи газға қолжетімділікке ие болады. 2025 жылы газдандыру деңгейі 60 пайызға жетіп, 2120 елді мекен немесе 11,7 млн тұрғын қосылады, – деді үкімет басшысы.

Асқар Мамин энергетика министрі Ноғаевқа елді мекендерді газдандыруды белсенді жалғастыру керегін айтты.

– Бұған "Сарыарқа" жобасының 2-3-кезеңдерінің іске асырылуы, Шығыс Қазақстанды газдандыру және де өңірлік желілерді кеңейту мен реконструкциялау ықпалын тигізеді. Сондықтан, Нұрлан Асқарұлы, елді мекендерді газдандыруды белсенді түрде жалғастыру керек. Бұл – үкіметтің басым міндеттерінің бірі, – деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір