• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:23:09
Алматы
+35°

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына сапары барысында Қарағанды қаласындағы ферроқорытпа зауытына барып, ондағы өндіріс процесі мен өндірісте, құрылыста, кеме, әуе көліктерін және автомобиль жасауда қолданылатын дайын өнімдермен танысты. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. 

Зауыттың акционерлері аталған жобаның жергілікті және жаһандық сұранысты қамтамасыз ететінін айтты. Атап айтқанда, мұнда өндірілген ферросилиция Қазақстаннан бөлек, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің нарығына шығарылады.

Пандемия кезінде компания өнімнің сатылу аумағын 15 елге арттырып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеруге үлес қосқан. Қазіргі таңда зауыт өнімін әлемнің 37 еліне экспорттайды.

Президент өндірісті басқару орталығын аралап көріп, "Qaz Qarbon" ЖШС-нің жаңа жобасымен танысты.

Бұл өте қажетті және жақсы жоба. Құтты болсын. Қазақстанды индустриаландыруға қомақты үлес қосқанын айтпағанның өзінде, ел экономикасының маңызды активі саналады. Өндірісті жылдам көріп шықтық. Бірақ бұған қатысты үлкен жоспарларымыз бар. Бақылап, көмектесіп отырамыз, – деді мемлекет басшысы.

Кездесу соңында Тоқаев ферроқорытпа зауытының еңбек ұжымына табыс тіледі.

Оқи отырыңыз

♦  Тоқаев Қарағандыдағы мектеп-гимназияға Абайдың атын беруді қолдады

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Қарағанды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір