• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:16:29
Алматы
+35°

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді, деп хабарлады премьер-министр ресми сайты.

Коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлік тіркелді. Вирустың репродуктивтілік көрсеткіші республика бойынша 1,07 құрайды.

Инфекциялық төсек-орындардың толығуы – 22%, реанимациялық төсек-орындардың толығуы – 17%. "Қызыл аймақта" 5 өңір қалып отыр: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары.

"Сары аймақта" 2 өңір бар: Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы.

Үкімет басшысы денсаулық сақтау, индустрия министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, медициналық жабдықтарды жеткізуді аяқтауды және инфекциялық стационарлардың реанимациялық бөлімшелерін толық жабдықтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір