• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:00:11
Алматы
+35°
Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында дәмханада болған жарылыс туралы қосымша ақпарат жариялады.
 
Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қарашада сағат 12:25-те Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы "Halalbrothers" дәмханасында газ баллон жарылып, өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
 
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 12:32-де келген бойда жарылыс салдарынан екі қабатты коттеджге жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың ішінара қабырғалары және шатыры құлағаны анықталды. Сонымен қатар 20 шаршы метр көлемде жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың шатыры жанған. Құрылыстың 100 шаршы метрі  (жалпы көлемі 600 шаршы метр) қираған. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған.
 
Министрліктің баспасөз хатшысы Талғат Уәлидің айтуынша, құтқарушылар оқиға орнынан 35 газ баллонды алып шыққан.
 
"Елордалық құтқарушылар оқиға орнынан 35 газ баллонды шығарды. Үйіндінің арасынан 1998 жылы туған қызды құтқарды, ол жабық бас ми зақымын алған. Өкіншке қарай, оқиға орнында дәмханада ыдыс жуушы болып қызмет атқаратын 1968 жылы туған әйел адам қаза тапты.
 
Жедел медициналық көмек бригадасы 34 адамды емханаға жеткізді. Оның ішінде 11-і дәрігер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді, 23-і ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен адамдардың барлығы дәмхана жұмысшылары. Сондай-ақ жарылыс салдарынан 3 автокөлік зиян келтірілді" деп жазды ол facebook парақшасында.
 
Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12:58-де сөндірілді. Авариялық-құтқару жұмыстары сағат 16:59-да аяқталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
 
"Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті, апаттар медицинасы орталығының 56 қызметкері мен 14 бірлік техникасы жұмыс жасады. Қала әкімдігі және төтенше жағдайлар департменті адамдар тоңып қалмас үшін КУНГ-көлігі мен автобусын жіберді" делінген хабарламада.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір