• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:39:16
+35°

Қарашаның 21-і күні Армения астанасы Ереван қаласындағы барлық митингтер тоқтатылды. Ria.ru ақпарат агенттігі сол жиында сөйлеген оппозиционер, "Родина" армян партиясының төрағасы Артур Ванецянның мәлімдемесін ұсынды. 

Артур Ванецян "Алда бізді күрделі мәселелер күтіп тұр, Никол Пашинян бұл мәселелерді шеше ала ма?" деп жиналған халыққа сұрақ қойып, ары қарай мәлімдемесін жалғастырды. 

Мен Пашинянның жалған мәлімдемелерін ұсынғым келеді. Ол "егер менің отставкаға кетуіме қол жеткізілсе, онда қол қойылған мәлімдеме жарамсыз деп жарияланып, соғыс басталады" дейді. Біздің соғысты қайта бастауға ниетіміз жоқ. Біз жеңілген көшбасшының осы мәлімдемесінің нәтижесі бойынша жасалған келісім елдің мүдделерін білдіре алмайды деп есептейміз.

Тағы бірде Пашинян "менің жеңілгенім ештеңе емес. Менің ақымақтығымнан көп адамның мерт болғаны түк емес. Мен кетсем менің орныма бұрынғы адамдар келеді" деп мәлімдеме жасады. Оның бұл сөзі дұрыс па?! Бұл – жалған сөз. Өткенге оралу жоқ. Біз жаңа жүздермен, жаңа идеялармен және жаңа көзқарастармен болашаққа қарай қадам жасадық, – деді оппозиционер Артур Ванецян. 

Оппозиционер соғысты Никол Пашинянның өзі қоздырғанын атап өтті.

Артур Ванецян қаңтар айында премьер-министрдің отставкаға кетуін талап еткенін, ал 8 қазанда үш оппозициялық партия премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп митинг өткізгенін еске салды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Армения Қарабақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір