• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:36:33
Алматы
+35°

Елорда дәмханасындағы жарылыстан кейін үш адам жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың бірі аса ауыр жағдайда жатса, екеуінің ауыр жағдайы ауыр деп бағалануда. Барлығы 23 адам № 1 және №2 көпсалалы ауруханаларға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған 11 жәбірленуші амбулаториялық емделуге жіберілді.

"Негізінен науқастар түрлі дәрежедегі термиялық күйіктермен, орташа деңгейдегі улы газбен уланумен, жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бір науқас жамбас сүйегінің жабық сынуымен травматология бөлімінде жатыр. Қалғандарының барлығы комбустиология бөлімінде. Олардың жағдайы орташа ауыр, асқынусыз" делінген ведомство таратқан хабарламада.

21 қарашада елорда дәмханаларының бірінде жойқын жарылыс болып, бір адам қаза болған.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-тармағы бойынша (Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов газ баллоны жарылған дәмханадағы өрттен қаза болған қыздың отбасына көңіл айтып, көмек көрсетілетінін мәлім еткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір