• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:23:05
Алматы
+35°

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы Еуропада коронавирус инфекциясының үшінші толқынының болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Қазақстанның коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәлім етті.

– Еуропа коронавирус инфекциясы пандемиясының үшінші толқынына 2021 жылдың басында тап болуы мүмкін. Еуропа бірінші толқынды бақылауға алғаннан кейін жаз айларында қажетті инфрақұрылымды салуды жіберіп алды. Қазір екінші толқын жүріп жатыр. Егер олар қажетті инфрақұрылымды салмаса, келесі жылдың басында үшінші толқын болады, – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарро.

Ол сонымен қатар, Еуропаның Азия елдерінен үйренетін нәрсе бар екенін айтты.

– Вирусқа жылдам әрі батыл жауап беру керек. Әсіресе вирустың әр түрлі қауымдастықтар ішінде өте баяу таралатын кезінде бұл өте маңызды. Егер сіз сенімсіз әрекет жасасаңыз, індет өте тез артады, – деді ДДҰ-ның арнайы өкілі.

Еуропа елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді.

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жалпы саны 59 миллионға жақындады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір