• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:19:20
Алматы
+35°

Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында карантин шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов карантиндік жаңа шектеу шаралары 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

Жаңа қаулыға сәйкес: 

  • Қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады;
  • Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан артық жүруге тыйым салынады;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу қойылады;

Сонымен қатар келесі нысандардың қызметі бұрынғыша тоқтап тұр:

  • 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана, кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);
  • саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым;
  • ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);
  • оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;
  • ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.

≥ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: Жаңа қаулы. ШҚО бас санитар дәрігері қаулыға өзгеріс енгізді

Ал, Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Х. Илюбаев коронавирус инфекциясының алдын-алу үшін қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәкес:

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, мектепке дейінгі тәрбие объектілеріне, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және т.б нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етіледі (отыратын орындар саны 50%-дан аспауы керек);
  • ашық ауада (көшеде, үйден тысқа шыққанда), қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамаларында маска кию міндеттеледі;
  • отбасы мүшелерін қоспағанда, ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), демалуға арналған үй-жайларда қашықтық сақтау.

Бас санитар дәрігердің мәлімдеуінше, қаулы 2020 жылдың 21 қарашасында күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін карантин шаралары сақталады.

2020 жылдың 19 қарашадағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында оқушылар арасында коронавирус инфекциясының 477 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 125 оффлайн режимде оқитындар арасында, 26%, онлайн режимде 352/74%, сондай-ақ мұғалімдер арасында-108 жағдай тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облысының бас санитар дәрігері 20 қарашадағы №36 қаулысына өзгертулер енгізді. 

Петропавл қаласы, Қызылжар ауданының аумағында карантиндік шектеу іс-шараларын күшейу үшін екі өңірдің әкімдері, меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың/кәсіпорындардың басшылары назарына:

  • денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдем көлігінде, жергілікті атқарушы органдар карантинге бөлген бөлмелерде фото және бейнебақылау жүргізуге тыйым салады;
  • спорттық іс-шараларды өткізуге, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу күндері) үйдегі және басқа да көптеген адамдар жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • тұрғындардың корпоративті, салтанатты, отбасылық және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуіне жеке үй мен ғимараттарды жалға алуға тыйым салынады;
  • кинотеатрлар; түнгі клубтар; балалар ойын алаңдары, сауда орталықтары мен сауда үйлеріндегі ойын-сауық орталықтары; фуд-корттары; кальян барлары қызметін тоқтатады;
  • медициналық орталықтардың қызметтерін шектеу, клиенттерді тек жазылу арқылы қабылдау, аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қадағалау;
  • жұмыс уақыты 10.00-ден 20.00-ге дейін және Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығына сәйкес, сенбі-жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтата отырып, ауданы 500 м2-ден асатын (адам келу коэффициенті 30% -дан аспайтын, 1 келушіге кемінде 4 ш.м.) азық-түлік емес дүкендердің (құрылыс дүкендерін қоспағанда) қызметін шектеу;
  • тамақ өнімдерімен сауда объектілерінің қызметін сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін шектеу;
  • тұтынушыларға өнімдер мен тауарларды сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жеткізу;
  • сауналардың, оның ішінде тұрғындарға тұрғын үй қызметтерін көрсету саласындағы ұйымдарда орналасқандардың қызметін тоқтата тұру.

Аталған қаулы 23 қарашада сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қарағанды облысының бас  санитар дәрігер Ю.Л. Залыгин карантиндік шектеу шараларына толықтырулар мен өзгерістер енгізді.

Қаулы 21-ші қараша сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

"Техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожуғыштардың, шиномонтаж шеберханаларының басшылары қаулыдағы 10-қосымшаға сәйкес санитарлық шараларды күшейте отырып, объектілердің қызметін қамтамасыз етсін" деп жазылған қаулы өзгерісінде.

Қаулының толық нұсқасы мына сілтемеде 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір