• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:06:50
Алматы
+35°

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен "Сбербанк" БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті. 

Іс-шара барысында ресейлік делегация өкілдері мемлекет басшысына цифрлық шешімдердің жобалары, цифрландыру саласындағы кешенді әзірлемелері жайында егжей-тегжейлі айтып, Sber экожүйесін пайдалану тәжірибесін бөлісті.  

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметінің басшыларымен және ресейлік делегация өкілдерімен экожүйелерді технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру мәселелері бойынша екіжақты іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір